Байланыс және деректерді жіберу құралдары, диспетчерлік басқару және деректерді жіберу құрылымын анықтауға арналған байланыс және басқару құралдарының қолданыстағы күйі зерттеледі. Қолданыстағы телекоммуникация құралдарын оңалту мүмкіндіктері қарастырылады.
Байланыс және деректерді жіберу құралдары
Диспетчерлік басқару және деректерді жіберу құрылымын анықтауға арналған байланыс және басқару құралдарының қолданыстағы күйі зерттеледі. Қолданыстағы телекоммуникация құралдарын оңалту мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың қорытынды мақсаты - бұл байланыстың, деректерді жіберудің, РҚжАА командаларының интегралданған ортасын ұйымдастыру және нарықтың басқа субъекттерімен ақпарат алмасу бойынша шешімдер шығару. Жұмыста мынадай технологиялар қолданылады: ЖЖ байланыс, РРЖ, ТОБЖ, MUX, спутникті байланыс және басқалары.
Деректерді жинау, көрсету және энергия нысандарын басқару жүйелері (SCADA)
Мониторинг пен диспетчерлік басқарудың негізгі жүйесі болып SCADA табылады. Оны жобалау кезінде сигнализацияның, өлшеулердің және телебасқарудың қажетті көлемі анықталады. SCADA РҚА, АҚА терминалдарымен, өрт және күзет сигнализациясымен және басқа да жүйелерімен тікелей байланыста болады. SCADA жүйесінің жоғары тұрған басқару деңгейлерімен өзара байланысы үшін интерфейстер, хаттамалар және деректерді жіберу жылдамдығы бөлігінде техникалық шешімдер әзірленеді. Процессті визуалдау қамтамасыз етіледі.
Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ)
Өндірілген және тұтынушыға жеткізілген электр энергиясын бақылау үшін Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) жасау жұмыстары орындалады. Бұл ретте мынадай жұмыстар жасалады: Техникалық тапсырманы, Жобаны, ЭКЕАЖ жұмыс құжаттамасын әзірлеу, қажетті келісімдерді жүргізу.
Электр энергиясының сапасын бақылау жүйесі (ЭЭСБЖ)
Бүгінгі таңда электр энергиясына қойылатын талаптардың жоғарылап келетінін есепке ала отырып, "Электр энергиясының сапасын бақылау жүйесін" (ЭЭСБЖ) жобалау бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Жобаны орындау кезінде ЭЭСБЖ орнату тармақтарына және қорытынды құрылғылардың функцияларына қойылатын талаптарды анықтауға ерекше назар аударылады.
Релелі қорғаныс және автоматика
Энергетикалық нысандарды жобалау кезінде негізгі жабдықты қорғау міндетті талап болып табылады. Біз РҚА құрылғыларының басқару жүйелерімен, байланыс құралдарымен және қосалқы станциялардың барлық элементтерімен жұмыс жасауын үйлестіре отырып, релелі қорғаныс пен желілік автоматиканы ұйымдастыру принциптерін әзірлейміз.
Қосымша ақпарат.
Байланыс, телемеханика және релелі қорғаныс бөлімі келесі мәселелер бойынша көмек көрсете алады: жабдықтарды шеф-монтаждау және инсталляциялау. Түрлі жабдықтардың өзара әрекеттесуінің хаттамасына келісу. Сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Қызметкерлерге тренингтер өткізу. Қажет болған кезде қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін анықтау және біліктілікті арттыру орталықтары бойынша ұсыныстар бере отырып, оқыту бағдарламаларын әзірлеу.