Компания туралы

Институт 1962 жылы “ЭНЕРГОСЕТЬПРОЕКТ” Бүкілодақтық жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу институтының Энергия жүйелерін кешенді жобалау бөлімі ретінде құрылды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен “Энергия” Қазақстандық Бас отын-энергетика жүйелерін ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институтына түрлендірілді. Бүгінгі таңда институт 100% Қазақстандық құрамда. 2016 жылы 56 маманнан тұратын конструкторлық бюро құрылды.    

«ЭНЕРГИЯ» ҚАЗОЭЖҒЗЖІИ АҚ БҮГІНДЕ БҰЛ...

«ЭНЕРГИЯ» ҚАЗОЭЖҒЗЖІИ АҚ-ның келесі негізгі бөлімшелері бар: энергия жүйелерін жобалау бөлімі, жоғары вольтты желілер секторы, қосалқы станция секторы, іздестіру секторы, құрылыс бөлімі және РҚ, байланыс және екінші ретті қосылыстар бөлімі. Институт қызметкері 165 адамнан тұрады.        

Ұжымда республикамыздың, сондай-ақ шетелдердің энергетика саласында танымал болып үлгерген және бүгінде өздерінің кәсіби тәжірибелерін жас ұрпаққа үйретіп жүрген көптеген талантты мамандарды өсіп, қалыптасты.  

Қазақстанда жұмыс жасау барысында «ЭНЕРГИЯ» ҚАЗОЭЖҒЗЖІИ АҚ өз қызметін қазақстан нарығында белсенді жұмыс жасайтын тапсырыс берушілерге бағыттайтын адал әрі сенімді серіктес ретінде ұсына алды. Күн сайын, әр қадам сайын біз ісіміздегі жетістіктің негізгі кілті ретінде тапсырыс берушілеріміз бен серіктестеріміздің бізге деген сенімін нығайтудамыз.    

ИНСТИТУТ МІНДЕТІ ОНЫҢ МАҚСАТЫНАН ЖӘНЕ ӨЗ ІСІНЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫНАН КӨРІНУІ МҮМКІН:

МАҚСАТЫ.

«ЭНЕРГИЯ» ҚАЗОЭЖҒЗЖІИ АҚ еліміздің экономикалық мәселелерін шешу үшін еңбек етеді.

Біз Республикамыздың кәсіпорындарының қызметінің тиімділігін арттыруға, республиканың экономикалық потенциалын дамытуға бар күшімізді саламыз.

КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Біздің институтымыздың басты міндеті республика кәсіпорындарының шынайы тұтынушыларына және тұтас оның экономикасына қызмет ету екендігін ұғынамыз. Сондықтан біздің жетістігіміз республикамыздың жетістіктерімен тікелей байланысты.      

ЖҰМЫСҚА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Біз дамуымызды ұзақ мерзімді болашаққа бағыттаймыз. Ісіміздің ерекшелігі тікелей қоғам алдындағы жауапкершілікпен байланысты, оны біздің институтымыздың маңызды дәстүрі ретінде нығайтып, дамытудамыз.  

Сондай-ақ институтта «Тәртіп кодексі» қолданылады. Біз жауапкершілік, құрмет пен табандылық принципінде құрылған жетістікке қол жеткіміз келеді.

Жаңа технологияларды белсенді енгізе және Қазақстанда электроэнергетикасын жаңартуға септігін тигізе отырып, «ЭНЕРГИЯ» ҚАЗОЭЖҒЗЖІИ АҚ қоғамға инновациялық шешімдер, әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім мен сервис ұсынады.

Алматы қ., Абылай хан даңғ., 58
Телефон: 7 (727) 355 18 88