Бір желілі схемаларды, жеке қажеттілік схемаларын, қосалқы станция жабдықтарын құрастыру шешімдері мен орнату сызбаларын әзірлеу;
Бір желілі схемаларды, жеке қажеттілік схемаларын, қосалқы станция жабдықтарын құрастыру шешімдері мен орнату сызбаларын әзірлеу;
ЭКТҚ, БКТҚС, күш трансформаторларын, реакторларды, КТҚ және СКТҚ шкафтарын жасауға арналған сауалнама парақтарын жасау;
Қосалқы станцияларды жерге тұйықтау, жарықтандыру және найзағайдан қорғау есептеулерін орындау;
Күш және бақылау кабельдерін таратып орналастырудың кабельді журналы мен сызбаларын әзірлеу;
Жоғары вольтты және қосалқы электротехникалық жабдықтардың, сонымен қатар кабель өнімдерінің спецификациясын жасау;
Қосалқы станциялардың паспортын және жалпы түсіндірме жазбасын әзірлеу;
Қосалқы станциялардың электрлік монтаждау жұмыстарының барысына авторлық қадағалау жүргізу.
ҚС екінші ретті қосылыстары
ҚС жобалаудың негізгі бөліктерінің бірі болып 500, 220, 110, 35 кВ ҚС арналған екінші ретті қосылыстарды әзірлеу табылады. Осы бөлімде қосалқы станцияның барлық элементтерін бастапқы жабдыққа жалғау схемалары жасалады: РҚА, автоматика, сигнализация құрылғылары, ЭКЕАЖ, SCADA, өрт сөндіру және өрт сигнализациясы жүйелері. Сондай-ақ зауыттың релелі қорғаныс, апатқа қарсы автоматика панельдерін, шкафтарын және т.б. жасау тапсырмалары әзірленеді.
Жабдыққа үздіксіз қорек көзін беру жүйелері
ҚС жабдықтарының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін жүйе конфигурацияларын және қолданылған жабдық түрі бойынша ұсыныстарды есепке ала отырып, жабдықтарға үздіксіз қорек көзін беру схемаларын әзірлеу міндетті болып табылады.